Ресми интернет-ресурс
Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты — кардиология, кардиохирургия және терапия саласында 48 жылдық тарихы бар Қазақстандағы жетекші ғылыми орталықтардың бірі.
Біз еліміздің барлық өңірлерінен ауыр және күрделі диагностикалы сырқаттары бар науқастарға жоғары білікті, мамандандырылған, жоғары технологиялық, стационарды алмастыратын және амбулаториялық-емханалық медициналық көмек көрсетеміз, денсаулық сақтау саласында сараптама жүргіземіз, ұйымдастыру-әдістемелік және ғылыми-білім беру қызметтерін жүргіземіз.
Біздің институт – терапиялық бейіндегі және орфандық патологиясы бар пациенттерге көмек көрсететін жалғыз республикалық деңгейдегі орталық. Бізде ересек тұрғындарға кардиохирургиялық операциялардың барлық түрлері, рентгенэндоваскулярлық араласулар жүргізіледі, интервенциялық аритмология кеңінен қолданылады. Консультациялық-диагностикалық қызметтен бастап хирургиялық операциялар мен оңалту шараларына дейін көрсетілетін медициналық көмектің барлық спектріне халықтың жоғары сұранысын ескере отырып, Институттың қызметі жыл сайын кеңейіп келеді.
2021 жылы біз алғаш рет JCI халықаралық аккредиттеуінен өттік, 2024 жылы халықаралық стандарттарға сәйкестігін қайта растадық және қайта аккредиттеу рәсімінен өттік. 2021 жылы институтқа бірінші рет Ұлттық аккредиттеудің жоғары санаты берілді. 2024 жылы Ұлттық аккредиттеудің жоғары санатын қайта растадық.
Көптеген жылдар бойы біздің базада денсаулық сақтаудың ғылыми және практикалық кадрларын дайындау жүргізіліп келеді. Мұнда дәрігерлер біліктілігін арттырады, қайта даярлаудан және жоғары оқу орнынан кейінгі оқудан өтеді. Сондай-ақ, біз практикалық денсаулық сақтауда сұранысқа ие резиденттерге білім береміз.
Біздің миссиямызға сәйкес, институттың қызметі денсаулық сақтау жүйесінің ғылымы, білімі мен практикасының үштұғырлығы қағидаты шеңберінде жүзеге асырылады.
Біз ғылым мен клиникалық практиканың озық жетістіктерін пайдалана отырып, медициналық көмек көрсетудің жоғары деңгейіне, халықтың денсаулығын жақсартуға және сақтауға ұмтыламыз. Сапаны арттыру, медициналық көмектің қолжетімділігі және пациенттердің сенімі – біздің ұжымның басым бағыты.
Құрметпен, Басқарма төрағасы Марат Пашимов .
Егер Сізді мазалайтын сұрағыңыз немесе ұсыныстарыңыз болса, Басқарма төрағасына жаза аласыз. Біз үшін Сіздердің пікірлеріңіз маңызды. Пікірлеріңізді қалдырыңыз, біз міндетті түрде жауап береміз және қызметтеріміздің сапасын жақсарту үшін ары-қарай да жұмысты жалғастырамыз.
«Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ» — АҚ қан айналымы жүйесінің аурулары, қант диабеті, эндокринология, гепатология және гастроэнтерология, аутоиммунды, аллергиялық аурулар, ревматология, орфандық аурулар, нефрология, пульмонология сияқты бағыттар бойынша кардиология, кардиохирургия, интервенциялық кардиология және терапиялық бейіндегі негізгі аурулар саласындағы республиканың жетекші ғылыми-зерттеу ұйымдарының бірі.
Институт ғылым, білім және практиканы ұштастырып үштұғырлығы қызметті жүзеге асырады. Институт мамандары жоғары технологиялық медициналық көмек (ЖТМК), мамандандырылған медициналық көмек (ММК), стационарды алмастыратын көмек (САК), консультациялық-диагностикалық көмек көрсетеді, сондай-ақ республиканың өңірлік медициналық ұйымдарына ғылыми-білім беру қызметі және ұйымдастырушылық-әдістемелік көмекті жүзеге асырады.
Ғылым мен клиникалық практиканың озық жетістіктерін пайдалана отырып, медициналық көмек көрсетудің жоғары деңгейіне, халықтың денсаулығын жақсартуға және сақтауға ұмтылу, қазіргі заманғы білім беру бағдарламалары негізінде жоғары білікті мамандарды даярлау.
Халықтың қажеттіліктеріне жауап беретін халықаралық сапа мен пациенттердің қауіпсіздігінің стандарттарына сәйкес клиникалық практиканы дамыту. Елдің тұрақты әлеуметтік демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін тиімді терапевтік қызметті құру, ҚР халқының денсаулығын жақсарту және өмір сүру ұзақтығын ұлғайту.
Институттың штат саны 542 адам
• 10 медицина ғылымдарының докторы
• 25 медицина ғылымдарының кандидаты
• 3 PhD докторы
• 17 денсаулық сақтау магистрі
Біздің мамандар жыл сайын Жапония, Италия, Израиль, Германия және Ресей Федерациясында біліктілігін арттырудан және оқудан өтеді.
Тәжірибе алмасу және шеберлік сабақтарын өткізу үшін Австрия, Германия, Франция және Италиядан ғалымдар шақырылады.
Клиника қызметкер жұмыс жасайды
медицина ғылымдарының докторы
медицина ғылымдарының кандидаты
PhD докторы
денсаулық сақтау магистрі
Ресми интернет-ресурс