Лауазымы: кардиохирург дәрігер
Профиль: кардиохирургия
Санаты: жоғары санатты кардиохирург дәрігер
Жұмыс өтілі:
2007 – 2009жж. – КІАҒЗИ, реаниматолог дәрігер
2009 – 2013жж.- А.Сызганов ат. ҰХҒО, кардиохирургия бөлімшесінің резидент дәрігері
2013 – 2015жж. — Облыстық кардиология орталығы, Талдықорған қаласы, кардиохирург дәрігер
2015 – 2021жж. — Қалалық кардиология орталығы, Алматы қ., кардиохирург дәрігер
2021 – 2024жж. — Облыстық кардиология орталығы, Талдықорған қаласы, кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі
2024 жылғы наурыздан бастап — КІАҒЗИ кардиохирург дәрігері
Білімі:
2000 — 2007жж. — С. Асфендияров ат. ҚазҰМУ, «емдеу ісі» факультеті, хирург дәрігер
2008 ж. – АМДБЖИ, «Анестезиология және реаниматология» мамандығы бойынша қайта даярлау курстары.
2009 ж. – КІАҒЗИ, «Клиникалық кардиология» мамандығы бойынша қайта даярлау курсы.
2009 — 2013жж. — А.Сызғанов ат.ҰХҒО, «Кардиохирургия, оның ішінде балалар» мамандығы бойынша резидентура.
2020 ж. — Халықаралық дипломнан кейінгі білім беру институты, Ангиохирургия (рентгенхирургия, интервенциялық хирургия) бойынша қайта даярлау курстары
2023ж. — Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, магистратура — денсаулық сақтаудағы менеджмент (EMBA)
Біліктілікті арттыру курстары, семинарлар, тағылымдамалар:
2007ж. — КІАҒЗИ, «Клиникалық кардиология» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру курстары
2008 ж. – КІАҒЗИ, «Интервенциялық кардиология: коронарлық аурудың эндоваскулярлық хирургиясы, туа біткен ақаулар және жүрек аритмиясы» бағдарламасы бойынша семинар және шеберлік класы.
2012ж. — Астана қ. ҰҒКО, «Донорлық және ағзаларды транспланттау. Трансплантацияны үйлестіру».
2013ж. — Беларусь Республикасы, «Кардиология» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «Трансплантологиялық қызметті ұйымдастыру» тақырыптық циклінің кардиохирург-трансплантологы» мамандығы бойынша дайындық курстары.
2017ж. — Алматы қаласының «Оқу-әдістемелік орталығы», цикл: «Жедел коронарлық синдромы және асқынулары бар науқастарды бақылау тактикасы».
2018ж. — С.Асфендияров ат. Қазақ ұлттық медицина университеті, цикл: «Кардио және ангиохирургиядағы шұғыл жағдайлардың стратегиясы мен тактикасы».
2019ж. — Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық, цикл: «Экстракорпоральды мембраналық оттегімен қанықтыру (ЭКМО) — базалық курс».
Қосымша ақпарат:
Миокард инфаркті кезінде шұғыл операцияларды жасау бойынша жұмыс тәжірибесі бар.
Жыл сайын 300 ден астам ашық жүрекке операция жасайды:
- жұмыс істейтін жүрекке және жасанды қан айналымымен қолқа-коронарлық шунттау;
- жүрек қақпақшаларын протездеу;
- қолқа және магистральдық тамырларға операциялар.
Еуропалық кардиоторокальды хирургтар қауымдастығының мүшесі. Жыл сайын Еуропалық конгрестерге қатысады.
«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.