Ресми интернет-ресурс
Халыққа сапалы және тиімді көмек көрсету үшін тәжірибе алмасу
Бірлескен ғылыми зерттеулерді, білім беру жобалары мен бағдарламаларын іске асыру, медицина қызметкерлері үшін клиникалық медицина саласында кәсіби тағылымдамаларды ұйымдастыру және өткізу.
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ халықаралық ынтымақтастығы барлық салалар мен пәндер бойынша білім беру және зерттеу қызметін қамтиды
Халықаралық қызмет саласындағы КІАҒЗИ мақсаттары:
2023-2024 жылдары ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды:
Медициналық ғылым және білім беру, академиялық, ғылыми және кәсіби алмасулар саласында «Сунчонхян» (Оңтүстік Корея, Пучон) Университеттік медициналық орталықпен ынтымақтастық туралы меморандум.
Құжатқа қол қоюдың мақсаты: медицина ғылымы мен білім беру, бірлескен ғылыми зерттеулер саласындағы өзара ынтымақтастықты нығайту болды.
Тараптар оқытушылармен, білім алушылармен, ғылыми және медицина қызметкерлерімен өзара алмасуға, медицина қызметкерлері үшін клиникалық медицина саласында бірлескен халықаралық білім беру, ғылыми, практикалық іс-шараларды және кәсіптік тағылымдамаларды ұйымдастыру және өткізу бойынша тәжірибе алмасуға ықпал ететін болады.
Терапия бойынша білім берудегі ынтымақтастықтың басым, бірінші кезектегі бағыттары: гастроэнтерология, эндокринология, пульмонология, ревматология, нефрология және т. б.
Ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл білім мен дағдыларды таратуға көмектеседі, халыққа медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
Жапония елінің Nagasaki National Hospitalgganization ынтымақтастық туралы меморандум.
Құжатқа қол қоюдың мақсаты: денсаулық сақтау жүйесін, медицина ғылымы мен білім беру саласындағы өзара ынтымақтастықты нығайту болды.
Тараптар жаңа медициналық технологияларды енгізуге, кәсіптік білім беруді таратуға, бірлескен ғылыми зерттеулерді, жобалар мен бағдарламаларды дайындау мен іске асыруға, мамандардың біліктілігін арттыруға, бірлескен іс-шараларды өткізуге ықпал ететін болады.
Ынтымақтастықтың басым бағыттары: терапия, кардиология және интервенциялық кардиология, гепатология, гастроэнтерология және интестинальды эндоскопия, эндокринология.
Мед. ұйымдары арасындағы өзара іс-қимыл медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға, жаңа технологияларды енгізуге, халыққа сапалы және тиімді көмек көрсету үшін тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
Пиза университетінің (Италия) дипломнан кейінгі білім беру кардиология институтымен ынтымақтастық туралы меморандум.
Ынтымақтастық кардиология, жүрек-қан тамырлары хирургиясы, интервенциялық кардиология, реаниматология және қарқынды терапия сияқты басым бағыттарды қамтиды.
Тараптар жаңа медициналық технологияларды енгізуге, бірлескен ғылыми зерттеулерді орындауға, бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруға және электрондық білім беру ресурстарын енгізуге ықпал ететін болады.
Ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл кәсіби білім мен дағдыларды таратуға көмектеседі, бірлескен білім беру жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру, мамандардың біліктілігін арттыру бойынша тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
Түркия, Измир қ. Эгей университетімен өзара келісім туралы меморандум.
Ынтымақтастық барлық салалар мен пәндер бойынша білім беру және зерттеу қызметін қамтиды. Бұл-оқытушылармен, зерттеушілермен және резиденттермен алмасуға ықпал ету; бірлескен зерттеулер мен олардың нәтижелерін жариялау; анықтамалық деректер, академиялық ақпарат және әдебиеттер.
Екі мекеме де жоғары оқу орнынан кейінгі студенттермен алмасуға дайын.
Ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл білім мен дағдыларды таратуға көмектеседі, білім беру жобаларын әзірлеу және іске асыру, бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және т. б. бойынша тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
Kansai Electric Power Медициналық ҒЗИ (Жапония) ынтымақтастық туралы меморандум.
Тараптар жаңа медициналық технологияларды енгізуге, кәсіптік білім беруді таратуға, бірлескен ғылыми зерттеулер мен бағдарламаларды іске асыруға, мамандардың біліктілігін арттыру саласында тәжірибе алмасуға, бірлескен іс-шаралар өткізуге, білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін электрондық ресурстарды (онлайн-курстар, имитациялық тренажерлер) енгізуге ықпал ететін болады.
Ынтымақтастықтың басым бағыттары: диабетология, эндокринология және метаболизм, ревматология және кардиология.
Меморандум жасасу ғылыми әлеуетті дамытудағы, мамандардың сараптамасын арттырудағы жаңа кезеңді білдіреді.
ГЕРОФАРМ компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандум.
Тараптар қант диабетін диагностикалау және емдеу саласында тиімді жобаларды әзірлеу үшін ғылыми және білім беру ортасын құруға бағытталған кешенді өзара іс-қимылды жоспарлайды.
Халықтың қант диабеті және оның салдары туралы хабардарлығын арттыруға көмектесетін бірлескен әлеуметтік жобаларды іске асыру көзделген.
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ және ГЕРОФАРМ қант диабеті және семіздікпен ауыратын науқастарды терапиялық оқыту үшін әдістемелік база құруға ниетті. Бұл бағыт дәрігерлер мен мейіргерлер үшін оқыту іс-шараларын дайындау мен өткізуді, сондай-ақ терапиялық оқыту бойынша пилоттық жобаларды іске асыруды қамтиды.
Бірлескен күш-жігер пациенттердің хабардарлығын арттыруға, медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға және қант диабетімен ауыратын адамдардың өмір сүру деңгейін арттыруға жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Ресми интернет-ресурс