logo-preloader-min
0%
Загрузка ...

IҚА бойынша IX Ұлттық форум аясында КІАҒЗИ эндоскопия кабинеттері мен бөлімшелерінің мейіргерлеріне арналған шеберлік класы өтті

Ішектің қабыну аурулары (IҚА) бойынша IX Ұлттық форум аясында Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ базасында «Стерильді емес эндоскопиялық араласулардың эпидемиологиялық қауіпсіздігі» тақырыбында эндоскопия кабинеттері мен бөлімшелерінің мейіргерлеріне арналған шеберлік класы өтті. Оның негізгі мақсаты — эндоскопиялық манипуляцияларды жүргізу кезінде инфекцияның алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша дағдыларды игеру.

Спикерлер: институттың эпидемиолог дәрігері Гүлнара Төлепова, эндоскопия және интервенциялық гастроэнтерология бөлімшесінің аға мейіргері Ирина Клещенко. Жұмыс барысында «Стерильді емес эндоскопиялық араласулармен байланысты инфекциялардың эпидемиологиялық мәселелері. Инфекция жұқтыру қаупі», «Эндоскопиядағы эпидемиологиялық қауіпсіздік жүйесі. Эндоскопиялық бөлімшеде сапаны бақылауды ұйымдастыру», «Эндоскоптарды өңдеу сапасына микробиологиялық мониторингті ұйымдастыру» тақырыптары қозғалды.

Эндоскопия және интервенциялық гастроэнтерология бөлімшесінде шеберлік класы қатысушылары эндоскоптарды автоматтандырылған өңдеудің практикалық дағдыларын пысықтады. Эндоскопиялық араласуларды жүргізу кезінде пациенттердің қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды, бұл пациентті процедураларды жүргізу техникасы туралы хабардар ету, барлық эндоскопиялық араласулар жататын жоғары тәуекел рәсімдерінде верификация және тайм-аут жүргізу.

Ирина Клещенко эндоскопиялық зерттеулерден кейін пациенттің күтіміне назар аудару, құлау қаупін бағалау және алдын алу, ауырсынуды бағалау және оны төмендету шаралары, науқастың жағдайының нашарлауын ерте анықтаған кездегі мейіргерлік іс-шараларға тоқталды.

Медициналық қызмет көрсету сапасы денсаулық сақтау саласының басым бағыты бола бастаған қазіргі уақытта JCI стандарттарын медициналық ұйымдарға енгізу — пациенттердің сапасы мен қауіпсіздігінің жоғары стандарттарына қол жеткізуге ұмтылудың ажырамас бөлігі. Медициналық ұйымдарда JCI стандарттарын енгізу мейіргерлерден медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жаңа құзыреттерді игеруді талап етеді. Бұл жұмыстағы өзгерістерді және мейіргерлердің үздіксіз кәсіби дамуын талап етеді. Нәтижесінде, мұның бәрі денсаулық сақтау сапасын жақсартуға және пациенттердің денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін арттыруға ықпал етеді.

Сайттағы материалдарды пайдаланған кезде
дереккөзге сілтеме жасау қажет