logo-preloader-min
0%
Загрузка ...

Кайбуллаева Джамиля Ахтановна

Ғылыми дәрежесі: Басқарма төрағасының ғылыми-клиникалық және инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары.

Бейін: гастроэнтерология

Біліктілігі: жоғары санатты дәрігер

Ғылыми дәрежесі: медицина ғылымдарының кандидаты

Денсаулық сақтау жүйесінде 25 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын «емдеу ісі» мамандығы бойынша, Академия жанындағы интернатураны, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиология бойынша клиникалық ординатураны бітірді. КІАҒЗИ аспирантурасын бітіргеннен кейін ол эндокринология бөлімінің аға ғылыми қызметкері, ассистент, содан кейін эндоскопия курсымен гастроэнтерология кафедрасының доценті болды. Терең білімнің, кәсібиліктің және мақсатына ұмтылудың арқасында Д.А. Қайбуллаева жас маманнан бастап Қазақстандағы кардиология, кардиохирургия және терапиялық бағыттар саласындағы жетекші ғылыми орталық басшылығына дейінгі кәсіби дамудан өтті.

Тамаша дәрігер және денсаулық сақтау менеджері бола отырып, практикалық жұмысты ғылыми-зерттеу және білім беру жұмыстарымен, сондай-ақ Ішек ауруларын зерттеу жөніндегі қазақ ғылыми қоғамының президенті ретіндегі қоғамдық қызметпен үйлестіре білді. Оның басшылығымен жұмыс істейтін гастроэнтерологтар мен ғалымдар тобы әлемдік қауымдастықта өз бағытымен танымал.

ҚР халқының денсаулығын сақтау ісіне қосқан зор үлесі үшін «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен марапатталды.

Әріптестерімен бірге Жәмила Ахтанқызы консилиумдарға қатысады, қашықтан оқыту технологиялары арқылы еліміздің барлық өңірлерінен гастроэнтерологиялық бейіндегі ауыр пациенттерге кеңес береді.

Сайттағы материалдарды пайдаланған кезде
дереккөзге сілтеме жасау қажет