logo-preloader-min
0%
Загрузка ...

Жакаев Максат Абдиманапович

Лауазымы: жасанды қан айналымы зертханасы және оперблогы бар кардиохирургия бөлімшесінің кардиохирург дәрігері

Бейіні:  кардиохирургия

Біліктілігі: жоғары санат

Ғылыми дәрежесі:  MSc (медицина ғылымының магистрі), PhD

Жұмыс өтілі: жалпы жұмыс өтілі 21, оның ішінде мамандығы бойынша: 18 жыл

Білімі:

1995 — 1998 жж. — Шымкент медицина колледжі, мейірбике ісі (үздік диплом),

1998 — 2004 жж. — Казақ мемлекеттік медицина академиясы Астана қ., «емдеу ісі» мамандығы, (үздік диплом),

2004 — 2005 жж. — Казақ мемлекеттік медицина академиясы Астана қ., «хирургия» мамандығы бойынша интернатура, біліктілігі–хирург дәрігер.

2020 – 2023 ж.ж. — С. Ж. Асфендияров ат. Қазақ ұлттық медицина университеті, «медицина» мамандығы бойынша PhD – докторантура.

Қосымша білімі (дипломнан кейінгі)

2006 ж. — Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институты, Алматы қ., «хирургия» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру,

2007 – 2010 ж.ж. — А.Н. Сызғанов ат. Ұлттық хирургия ғылыми орталығы.  «Жүрек-қан тамырлары хирургиясы» мамандығы бойынша аспирантура,

2017 ж. – «Астана» оқу — клиникалық орталығы, «хирургия» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру,

2018 ж. — С. Ж. Асфендияров ат. Қазақ ұлттық медицина университеті. , «Кардио және ангиохирургиядағы шұғыл жағдайлардың стратегиясы мен тактикасы» циклі бойынша «хирургия» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру,

2018 ж. — Ұлттық оқу-клиникалық орталығы, симуляциялық технологияларды пайдалана отырып, практикалық дағдылар алгоритмдерін оқыту,

2018 – 2020 ж.ж. — С. Ж. Асфендияров ат. Қазақ ұлттық медицина университеті, «медицина» мамандығы бойынша магистратура,

2022 – «Center for Hypertrophic cardiomyopathy and valvular heart disease», Monza, Italy,  гипертрофиялық кардиомиопатияны хирургиялық емдеу,

2022- Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы, экстракорпоральды мембраналық оттегімен қанықтыру,

Маманданған:

— жоғарғы қолқа атеросклерозымен бірге диффузды коронаросклерозы бар науқастарды хирургиялық емдеуде композиттік және секвенциялық шунттау,

— қолқа доғасы мен жоғары бөлігінің аневризмасын  хирургиялық емдеу,

-жоғарғы қолқа атеросклерозымен бірге  коронарлық артериялардың көп тамырлы зақымдануы кезінде қолқакоронарлық шунттау,

— жоғарғы қолқа атеросклерозымен бірге көп тамырлы коронаросклероз кезінде қолқакоронарлық шунттау

— жоғарғы қолқа атеросклерозымен бірге көп тамырлы коронаросклероздағы реваскуляризация,

— Фалло тетрадасын хирургиялық емдеу және т. б.

Сайттағы материалдарды пайдаланған кезде
дереккөзге сілтеме жасау қажет